ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, «Мех-сервис» ЖШС-ның жұмысшысы дүйсенбі күні, түс уақытында Ақбұлақ шағын ауданындағы Есіл өзенінің үстімен өтетін М-2 көпірде сылақ жұмыстарын жүргізу барысында құлап кеткен.
Астана қаласы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметі (3 адам мен 1 техника) әйелдің денесін судан 5 минуттан кейін алып шықты.