Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік жауапқа тартылғандардың арасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзған ҚР 170 азаматы да бар. Сондай-ақ құжатсыз және тіркеусіз тұрған 114 қала тұрғыны анықталды. Құжатсыз жүрген 161 шетел азаматы қабылдау-тарату орнына қамауға алынды.
Астана аумағында «Келімсек» жедел алдын алу шарасы ағымдағы жылы 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында ҚР елордасында заңсыз тұрып жатқан азаматтарды, сондай-ақ шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы тұру мақсатында өткізілген болатын. Бұл шараға ішкі істер органдары мен құрылымдарының қызметкерлері жұмылдырылды.