Астанада 4 адам ысты газға уланып қалды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада пештің ақауы салдарынан 4 адам көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға сәрсенбі күні түнгі сағат үш шамасында Жангелдин көшесінде орналасқан жер үйде болды. Зардап шеккендер - 21, 23, 24 және 53 жастағы азаматтар.