Астанада 4 қыркүйекте орталық көшелер жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы Астана марафонының өтуіне байланысты 4 қыркүйекте елордада негізгі көшелер жабылады.

Таңертең 08:00-ден 14:00-ге дейінгі уақытта өтетін Астана марафонына 12 елдің 5 мыңға тарта спортшысы қатыспақ, олардың арасында танымал германиялық желаяқ Стефан Шлетт те бар. 54 жастағы спортшы 700-ден астам марафонның арасынан табылған.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің твиттерінде Үкімет мүшелері қыркүйектегі Астана марафонына қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Аталған жарысқа байланысты 4 қыркүйекте таңғы сағат 8-ден 14:00-ге дейін Астанада бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі, осы ретте Орынбор көшесімен, Республика, Тұран, Абылай хан даңғылдары арқылы және басқа да жолдармен марафоншылар жүгіріп өтпек. Жарыс «Хан Шатырдан» басталып, сол жерден аяқталады.

Атап айтқанда, осы қайырымдылық марафоны елордада 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтып отыр. Осы ретте спорттық шара 4 санатта өтеді, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, сондай-ақ эстафеталық жүгірулер ескеріліп отыр. Бүгінде шараға АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания және басқа да елдердің өкілдері қатысуға ниет білдіруде. Жалпы алған 5 мыңнан астам адам жүгіреді деп күтілуде. Шараға қатысу үшін 3-7 мың теңге аралығындағы соманы төлеу керек. Оның құнына жүгірушіге арнайы пакет табысталады және жеңіл жейде, жыртылмайтын қағаздан жасалған нөмір, сондай-ақ басқа да қажетті заттар ұсынылады.

Бұл марафон қайырымдылық жарыс болып табылатындығы белгілі. 2009 жылдан бері 24 млн теңге жиналып, түрлі қайырымдылық ұйымдарға қолдау жасалды.

Гауһар Брамлей-Фентонның сөзіне қарағанда, Астана Марафон-2016 жарысының қатысушысы атану үшін бастапқы жарнаны төлеу қажет. Тіркелудің екі тәсілі бар. Біріншісінде  - astana42k.com сайтында онлайн режіммен қосылуға болады. Ал екінші тәсілі арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Ниет білдіргендер Кроссфит Астана клубтарының біріне келіп, қолма-қол жарнаны енгізу жолымен тіркеледі.