Астанада 40-тан астам компания қатысқан «Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» бос орындар жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында 40-тан астам компанияның және 500-ден аса үміткердің қатысуымен «Болашақ» қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қолдауымен «Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Тақырыптық жәрмеңкеде 40-тан астам жұмыс беруші қатысты, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Кселл» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазконтент» АҚ, «Назарбаев Университет» ДББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, BI Group, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ауыл шрауашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, KPMG, Ernst&Young, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және т. б. бар.

Жәрмеңке мақсаты - жас мамандарға, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық өрлеуге жәрдемдесу. Бұл мақсатқа қол жеткізу - экономиканың әр салаларында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі шеңберінде өте маңызды.

Шара шеңберінде «Болашақ» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен панельдік пікірталас өтті. Оған «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сараптама және болжам департаментінің директоры Дәрмен Садуақасов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов, және т.б. қатысты.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек панельдік пікірталастың модераторы ретінде сөз сөйледі.

Панельдік пікірталастың қатысушылары кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасын, инновациялар және технологиялар беталысын, Қазақстанның мұнай-газ саласын, салалық сараптық желілердің даму мәселелерін және басқа да ұлттық экономиканаң белсенді мәселелерін көтеріп, талқыға салды.

Бұдан басқа жас мамандарға, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық даму мен өсуге жәрдемдесуге бағытталған «Болашақ» қауымдастығының Мансап орталығы назарға ұсынылды.

Стратегиялық менеджмент саласының жас маманы, жәрмеңке қатысушысы Рустам Тоқмағамбетовтің айтуынша, тақырыптық бос орындар жәрмеңкесі жас маманның мансаптық сүйемелдеу үрдісін жүйелеуіне жағдай туғызады және «Болашақ» қауымдастығының мансап орталығы мансаптық жоспарлауда маңызды буын болмақ. Сонымен қатар, шара қатысушыларының айтуынша, тақырыптық бос орындар жәрмеңкесін өткізу - қазақстандықтардың әлемдік бірлестігінде бәсекелестіктің басымдылығын жоғарылатуға жағдай жасайтын оң мансап үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Жалпы, бос орындар жәрмеңкесі мансаптық даму және білікті кадрлардың жетіспеушілігін шешуде, адами және әлеуметтік капиталдарды қалыптастыру, еңбек нарығында сұраныс пен ұсынымдар, елдің түрлі салаларының дамудағы әлемдік технологиялардың трансферті мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды құруда сараптық бірлестіктің жандандыруына ықпал етеді.