Астанада 400-ден астам мектеп түлегі алдын ала сынақ тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінде 400-ден астам түлек ҰБТ қарсаңында алдын ала сынақ тапсырды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

«17 мамырда Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінде алдын ала сынақ өткізілді, оған Астана қаласы мектептерінің 400-ден астам түлегі қатысты», - делінген хабарламада.

Шараның мақсаты - Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектердің психологиялық дайындығын шыңдау және олардың деңгейін анықтау. Сол себепті бұл күні тестілеу кәдімгі ҰБТ талаптары бойынша жүргізілген.

Алдын ала сынақты ҚазГЗУ-дың қоғаммен байланыс және маркетинг бөлімі ұйымдастырды.