«Прокурорлар 162 талапты алып тастау жөнінде бастама білдірген, кадастрлық құны 2 млрд теңгені құрайтын жалпы аумағы 9 гектардан астам иесіз қалған 100 жер телімі анықталып, мерзіміне қатысты ақаулар табылған қолданыста жоқ 66 жердің иесіне нұсқама беру деректері анықталды» делінген хабарламада.
Прокуратурада мәлім еткендей, 43 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту кезінде сауда-саттық пен ақысын төлеу процедурасын айналып өтіп, ұсыну деректері анықталды, соның салдарынан бюджетке 800 млн теңге көлеміндегі пайда түспей қалған.
Сондай-ақ, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қала сотына жіберілген талап қою бойынша 17 арыздың 7-еуі прокуратураның талабымен бастау алған.
Бұдан бөлек, прокуратураның ұсынысымен мақсатты түрде қала аумағындағы жерге 190 млн теңге көлемінде он есе мөлшердегі салық төленді.
Алқа отырысының нәтижесі бойынша, қала прокуроры лауазымын асыра пайдалануға қатысты әр дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу, халықтың жер комиссиясына сенімін арттыру және азаматтарға жер учаскелерін беруде бас тарту себептерін нақты түсіндіру жөнінде тапсырма берді.