Астанада №49 және 55 автобус бағыттары тоқтатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 5 қазанынан бастап, қалалық бағдар желілерін оңтайландыру барысында № 49 және № 55 бағдарлар № 15 бағдарға біріктіріледі.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған бағдар: "Железнодорожный" тұрғын үй алабынан "Арнау" тұрғын үй кешеніне дейін келесі сызба бойынша жол жүреді: "Железнодорожный" т/а - Ш. Құдайбердіұлы даңғылы - Майлин көшесі - М. Жұмабаев даңғылы - Б. Момышұлы даңғылы - Орынбор көшесі - "Арнау" т/к. 

 

Кері бағытта аталмыш бекітілген жол қозғалысы сызбалары бойынша жүреді.

Қосымша ақпарат алу үшін 574-777 телефонына хабарласуға болады.