«Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарланды astana.kz сайтынан.
Жаңалықты Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев таныстырды. «LTE технологиясы тек қана ТМД елдері үшін ғана жаңа емес, барлық әлемде ол жоғары қарқынды дамып келеді. Қазақстанда оның пайда болуы интерактивті сервистерді дамыту үшін және жоғары жылдамдықта мобильді желілерде деректерді тарату мүмкіндігі пайда болуына байланысты экономиканың барлық саласында жаңа технологияларды енгізуге түрткі болады», - деп атап көрсетті министр.
2012 жылғы желтоқсан айының басында әлемнің 51 елінде LTE 113 коммерциялық желісі бар болған. Жиілік диапазоны 1800 МГц LTE желілерін орналастыру үшін ең танымалы болып табылады. Әлемдегі коммерциялық желінің 40% осы диапазонда жұмыс істейді.
4G абоненттік терминалдарын Астана қаласында бүгіннен бастап ресми сату басталады.