Астанада 5 адамға иіс тиді, олардың арасында бір жасар бала бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада 5 адамға иіс тиді, олардың арасында бір жасар бала бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Бейсенбі, 26 қаңтар күні Астанада қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан Көктал шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: бір жасар бала, 22-дегі жігіт, 45 жастағы әйел мен 1991 және 1987 жылғы екі бойжеткен иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.