Астанада кеше таңертең Петров көшесі бойында орналасқан 5 қабатты үйдегі пәтер өртенді.
Жалып шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады. 18 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт болған жерден 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 3 адамы, ҚР ТЖМ «Апат медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.