ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жалын 36 минуттан кейін өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД-ның 13 адамнан құралған жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 18 шаршыметрді қамтыды. Оқиға орнынан 16 жасар жасөспірімнің мәйіті анықталды.