Астанада 5 қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласында кеше кешқұрым 5 қабатты тұрғын-үйдің 4-ші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицицна орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 20 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт орнын алған жерден 62 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.