Оның айтуынша, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасы аясында биылдың өзінде 18 балабақша пайдалануға берілген. «Жылдың соңына дейін тағы 5 балабақша салынып бітеді деген болжам бар», - дейді Білім басқармасының басшысы.
«Біздің балаларымыз сапалы білім қызметтеріне ие болсын десек, ең бірінші ол үшін жағдайды қамтамасыз етуіміз керек», деген ол, қазіргі уақытта қалада 20 мыңнан астам бүлдіршін балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқандығынан хабардар етті.
«Балапан» бағдарламасының шеңберінде ғана, жыл соңына дейін біз 12 мың бүлдіршінді балабақшаларға орналастырамыз. Бүгінгі таңда олардың 7 мыңы мектепке дейінгі білім мекемелеріне алынды», - деп атап көрсетті Ә. Бимендина.
Білім басқармасының деректері бойынша, 2008 жылы 38 мемлекеттік балабақша болса, бүгінде Астанада 57 мемлекеттік балабақша бар.