Бұқаралық марафонға елордалық полиция бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың басшылық етуімен бес жүзден астам ІІД қызметкері қатысты.
«Атамекен» кешенінен басталған марафон Қабанбай батыр көшесінен Жәнібек-Керей көшелеріне дейін жалғасып, кейін «Мәнгілік Ел» монументінде аяқталды.
Ішкі істер органдарының ардагерлері де бұл шарадан шет қалмады. Шараға ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы 75 жастағы Есім Танабергенов пен «Сарыарқа» аудандық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев қатысты.
Шараның басынан аяғына дейін жолдағы қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды.