Астанада 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 ақпан күні Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатына көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Ассамблея жылы қарсаңында қалада көпшілік мәдени іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлады astana.kz .

Қалалық алаңдар мен мұз айдындарында бұқаралық спорт сайыстары мен халық серуені өтеді. Іс-шаралар «Алау» мұз айдыны сарайында, Есіл өзені мен Ақбұлақтағы ашық мұз айдындарында, шаңғыроллерлік трассада, қалалық және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңдарда ұйымдастырылады.

Астанада Ассамблеяның 20 жылдығына арналған этносаралық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған ірі мәдени іс-шараларды жыл бойы өткізу жоспарланған. Мерекелік этнофестивальдар, астаналық оқушылар үшін бейбітшілік және келісім дәрістері, балалар шығармашылығының сайыстары және мемлекеттік тілді меңгеру байқаулары өткізіледі. Сонымен қатар, қала ЖОО-лары мен мектептерінде мәдени бірлестіктер күндері болады.

Биыл елорда күні «Астана бейбітшілік және келісім қаласы» ұранымен өтпек.