Астанада 6 автобустың бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 6 автобустың бағыты өзгергенін мәлімдеді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 17, 44, 47, 54, 56, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», — деп жазды жауапты ведомстводан.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына суреттен қарап, танысуға болады.

City Transportation Systems сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұрайды.