Астанада 6 елдің президенті Орталық Азия-Ресей саммитіне қатысып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада «Орталық Азия-Ресей» саммиті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары деңгейдегі кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарлануда, онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көрсетіледі.

Сондай-ақ қорытынды құжатта саясат пен қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары атап өтіледі.

Айта кетейік, бүгін Астанада ТМД мемлекеттерінің басшылары кездесті . Саммитте Қазақстан 2023 жылы ТМД-ға төрағалық етуді Қырғыз Республикасына тапсырды.