Ондағы мақсат - асфальт-бетонды жамылғы төсеп, жол белгілерін салу.
Автокөлік қозғалысы мына бағыттарда жабылады:
- Б.Момышұлы даңғылы - Аманат көшесі (шұңқыр жөндеуі);
- Ш.Қалдаяқов көшесі - Нәжімеден көшесі (асфальт төсеу);
- Алматы көшесі - Орынбор көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігі;
- Уәлиханов көшесі - Кенесары көшесінен Бөгенбей батыр даңғылына дейінгі бөлігі;
- Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі - Жансүгіров көшесі (асфальт төсеу);
- Қарағанды күре жолының бойында №14 көшедегі Көпірден «Метро» сауда орталығына дейін;
- Абылайхан даңғылы учаскесінде Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейін (асфальт төсеу).
- Қабанбай батыр даңғылында Достық көшесінен Қорғалжын тас жолы (жол белгілерін салу);
- Тәуелсіздік көшесі - Нәжімеден көшесінен Б.Момышұлына дейін (жол белгілерін салу);
- Бауыржан Момышұлы даңғылында Абылайхан даңғылынан Тоқпанов көшесіне дейін (көлденең жол белгісі).
«Жол кептелісіне қалмас үшін Әкімшілік полиция басқармасы автокөлік жүргізушілеріне жолға шығар алдында айналып өту бағыттарын ертерек жоспарлап шығуға кеңес береді», - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.