Жаңашыл жобаларды Астанадағы 116 білім ұйымының алты мыңнан астам қатысушысы ұсынбақ. 2018 жылы 40 алтын медаль, 60 күміс медаль және 80 қола медаль сарапқа салынады. 160-тан астап педагог сертификаттармен марапатталып, 450 шығармашылық ұжым мен әншілер байқаудың дипломанты атанады.
15 күнге созылатын фестиваль қаланың әр жерінде өтеді. Байқауға ҚР өнер қайраткерлері, білім және мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, ЖОО және мемлекеттік мекемелердің өкілдері шақырылады.