Астанада 6 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жұмыссыздық деңгейі республика бойынша орташадан төмен. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймолдин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордалықеңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып қала береді. Біздегі жұмыссыздық деңгейі4,5 пайыз, бұл 4,7 пайыз болатын республикалық көрсеткіштен төмен. БүгіндеНұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығына 10 мыңнан астам азамат жүгінген.Оның 1,5 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинау үшін500-ден астам жас маман Жастар тәжірибесі санаты бойынша орналасты. Бізгемүмкіндігі шектеулі 610 адам жүгінді, оның 336-сы жұмысқа орналасты. Басбостандығынан айыру мекемесінен шыққан 30 адамның 13-і жұмыс тапты. Апробацияқызметінің есебінде тұрған 45 адамның 16-сы жұмыспен қамтылды. Кәмелеттік жасқатолмай тұрып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 10 адамның жетеуі жұмыс істеп жүр»,- деді Абай Баймолдин әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оныңайтуынша, қысқартуға түскен 280 қызметкердің 150-і жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ,Абай Баймолдин қалалық орталықтың деректер базасында 761 жұмыс берушіден 6мыңнан астам бос жұмыс орны бар екенін жеткізді. 913 адамға жоспарланған қысқа мерзімдікәсіптік оқытудан 362 адам ғана өтуде.

Нұр-Сұлтанқаласы бойынша шамамен 4 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр.

Соныменбірге, орталық басшысы 2018 жылдың қазан айынан бері электронды еңбек биржасы жұмыс істейтінін еске салды. Бұл биржа жұмыс берушілермен, жеке жұмыспен қамтуагенттіктерімен біріктірілген.

«Жұмысіздеушілер мен бос жұмыс орындарының үлкен базасы қалыптасты. Ол бәрінеқолжетімді. Адамдар үйден шықпай-ақ, жұмыс іздеп, жұмыс берушілермен тілдесеалады. Одан бөлек, «Атамекен» ҰКП бірлескен жобасы аясында мобильді жұмыспенқамту орталықтары ашылып жатыр», - деді А. Баймолдин.

Соңғы жаңалықтар