Астанада 6 шілде күні отшашу болады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 6 шілдеде – Елорда күніне орай мерекелік салют атылады. Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.
Салюттің басталу уақыты шамамен сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.
Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді.
Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстанда 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Бұл мерекеге орай елордада дәстүрлі түрде жүзден астам түрлі бағыттағы іс-шара ұйымдастырылады.