Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған күдікті қолға түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада кәмелет жасқа толмаған бүлдіршінді зорламақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

«ҚР ҚК 121-бабы бойынша 2011 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.
 

48 жастағы бұрын сотты болған күдікті Астана қалалық ІІД УҚО-ға қамалды.

«Ұсталған ер адам «Промышленный» шағынауданында тұратын қызды үйінен алдап алып шығып, ен далаға ертіп барған. Жақын жерде жұмыс істеп жатқан жұмысшылар оны байқап қалып, ұстап алған», деп жазылған хабарламада.