Астанада 600-ден астам түлек жастар тәжірибесіне жіберілді
02:23, 25 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 623 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.
Жастар тәжірибесі - оқу орындарының түлектері алған мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе жинауы үшін орындалатын, төленетін еңбек қызметінің түрі. Оған қатысу ұзақтығы - 6 айға дейін, жалақысы айына 45 800 теңге шамасында. Тәжірибе меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 16 адамға әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялаумен құратын жұмыс орны) берілді.