«Көпқабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерінің терезесінен 1953 жылы дүниеге келген әйелдің құлап кеткендігі туралы хабар Жедел басқару орталығына шамамен сағат 13-00-де түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қолышбекова.
Қазіргі уақытта әйелдің терезеден құлап кету себептері мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.