Астанада 7 автобустың бағдары уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 7 автобустың бағдары уақытша өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 21, 32, 35, 44, 300, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды жол қозғалысына жауапты мекемеден.