Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бұл — осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі», — делінген хабарламада.
Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.