Салтанатты шарада дәстүр бойынша елордадағы мұз қалашығында Малайзия байрағы аспанға көтеріліп, елдің әнұраны шырқалды. Құрама мүшелеріне Азиаданың естелік кәдесыйлары табысталып, гүл шоқтары тарту етілді.
Малайзия елі Астанадағы Ақ Азиаға 3 мәнерлеп сырғанаушыны және 20 спортшыдан тұратын шайбалы хоккей командасын алып келген.
«Бүкіл әлем кешенді құрлықтық спорт жарысы болып табылатын Қысқы Азия ойындарының басталуын тағатсыздана күтуде. Оның 7- ойындардың астанасы Қазақстан атанды. Олимпиада ойындарында Малайзия құрамасы бадминтон, жүзуден жоғары орындардан көрінуді дәстүрге айналдырған. Осы жолы да біз Малайзияның мәнерлеп сырғанаушылары мен хоккейшілерінің тамаша ойын өрнегіне куә боламыз деп сенемін», - деді 7-Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті президентінің кеңесшісі Болатбек Ысқақов шара барысында.