Отшашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлік зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атумен жүргізіледі. Салют 2 заманауи отшашу құрылғысымен жасалады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда мерекелік от шашуды Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алады.
06:00, 05 Мамыр 2017
Астанада 7 және 9 мамырда мерекелік отшашу болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 7 және 9 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай отшашу болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.