Астанада 7 жасар бүлдіршін иіс тиіп уланды
10:14, 09 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада 7 жасар бала иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Астанада сенбі, 8 желтоқсан күні Өндіріс тұрғын үй аумағында қатты отынмен жанатын пештің ақаулығынан барақ типтес бірқабатты үйде 7 жасар балаға иіс тиіп уланған. Ол ауруханаға жеткізілді.