Астанада 70 жаңа тұрғын үй орталықтандырылған жылуға қосылады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жылу беру маусымына дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне елорда әкімдігінің энергетика басқармасынан мәлім етті.

2017-2018 жылдағы жылу беру маусымында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне 68 жаңа тұрғын үй кешенін қосу жоспарланып отыр. Жылу көздерінің қуаты жаңадан пайдалануға берілген нысандарды энергиямен қамтуға қауқарлы.

«Астанада жылу беру маусымына дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар жылу маусымы басталғанша толықтай аяқталады деп күтілуде», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінде стансаларда нормативтік 20 тәуліктік отын қоры жинақталды. Ағамдағы жылу беру кезеңіне көмір жеткізудің кестесі бекітілді. Қазіргі уақытта орталықтандырылған жүйеге қосылған Астанадағы әлеуметтік нысандардың даярлығы 90 пайыздан астам деңгейде.

«Егер де 5 бес күн бойы орташатәуліктік температура +10 °С және одан төмен деңгейде болса, онда елордадағы жылу беру маусымына дайындық  ережесіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган жылу беру маусымын бастау туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтілген әкімдік мәліметінде. 

Соңғы жаңалықтар