АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің 75 бизнес субъектісіне 2,3 млн теңгеден астам соммаға кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталды.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісім-шарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.