Биыл 750 көппәтерлік тұрғын үй тексерілді, соның ішінде 65-і түрлі ақаулардың анықталуына байланысты орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететіні анықталды. «Осы үйлерді салушылармен, мердігерлерімен және басқарушы компанияларымен жұмыс істеу нәтижесінде қазірге дейін 60 ғимарат жөнделді. Қалған бес үйді жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталады», - деп хабарлады Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Т.Рысбеков. Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы 64 тұрғын үй тексеріліп, 5 техникалық төлқұжат әзірленді, 65 кондоминиум нысаны тіркелді.
15:13, 03 Қараша 2014
Астанада 750 тұрғын үйдің жай-күйі тексеріліп, 65 үйде түрлі ақаулар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұрғын үй қорының жағдайын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бес жыл бұрын пайдалануға берілген үйлерді техникалық тексеру жиі ұйымдастырылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.