Астанада 78 азот баллоны мен ондаған келі есірткі тәркіленді

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Ойын-сауық орындарында 67 түнгі рейд жүргізілді. Нәтижесінде 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 78 сұйық азот баллоны тәркіленді. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Елорда прокуратурасының бастамасымен полиция, әкімдік, еріктілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу айлығы өткізілді.

Орындарды тәулік бойы күзету барысында 142 қылмыс анықталды, оның ішінде: 124 - есірткі заттарын сақтау, 15 - өткізу, 3 - тыйым салынған өсімдіктерді өсіру. Жалпы 21 кг марихуана, 11 кг гашиш, 437 г мефедрон, 166 г каннабис өсімдігі, 1 кг каннабис шайыры тәркіленді.

Базарлар мен логистикалық компаниялардың қоймалары, жатақханалар, вокзалдар тексерілді.

Мысалы, «Күйгенжар» бекетінде көлік тоқтатылып, онда альфа-PVP есірткі заты табылған. Жүргізуші есірткіні қолданғаны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

100 мың адамды қамтитын 300-ден астам ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Мүлік иелерінің бірлестігі өкілдерімен кездесулер, елорданың оқу орындарында лекциялар мен интерактивті ойындар, брифингтер, спорттық және қоғамдық акциялар, соның ішінде граффити бояу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ойын-сауық орындарында 67 түнгі рейд жүргізілді.

Нәтижесінде 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 78 сұйық азот баллоны тәркіленді.

Айта кетелік Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды