Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы уақытқа дейін заңсыз айналымда жүрген 118 келі есірткі заттары тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 36,5 келіге артық. Осылайша, 31 наурыз күні Астанада 1969 жылы туған Ч. есімді Ресей азаматы ұсталды. Ол тұрған пәтерде 8 келі 145 грамм героин табылды.
11:15, 10 Сәуір 2012
Астанада 8 келі героинмен Ресей азаматы ұсталды
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сату оқиғаларына қатысты 118 қылмыстық іс қозғады.