Прокурордың айтуынша, былтыр осындай 208 материал тіркеліп, 63,8 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталған. Биыл тіркелген материалдар саны былтырғы жылдық көрсеткіштен 19,7 пайызға артқан.
— Көрсеткіштердің артуы бақылаудың күшеюіне, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына және қала прокуратурасы қабылдаған шараларға да байланысты, — деді Шерхан Шорабек Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен Мемлекеттік кірістер департаменті мен Полиция департаменті алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу үшін бірлескен жұмыс тәртібін әзірлеген.
Прокурор алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және сақтау үшін пайдаланылған төрт қойма анықталғанын хабарлаған едік.