«Бүгінгі таңда Астанада 83 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Жоспарлы түрде біз оларды орналастыру бойынша жұмыстарды қарқындатып отырмыз, мәселен жақында ғана мамыр айында 6 мың орынға балабақша пайдалануға берілді, енді осы кезектегі 6 мың бала балабақшаға барады. Мемлекеттік дотация бойынша, ата-аналар 23 мың теңге төлейді, қалған 15 900 теңгені үкімет төлейді. 2015 жылы 680 орынға 3 балабақша салынады деп жоспарланған. Ал 2016 жылы тағы 6 балабақша пайдалануға беріледі», - дейді Б. Сматаева.
Оның айтуынша, кезекте тұрғандардың соншалықты көп болуы біріншіден, Астанаға ағылған халықтың көптігінен, екіншіден, бала туу көрсеткішінің жоғары болуынан орын алып отыр. Қала әкімшілігі балабақша салып үлгермей жатыр.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ балабақшадағы орындардың жетіспеушілігін азайту мақсатында 2020 жылға дейін арнайы жоспар қабылдады.