Астанада 9 автобустың бағдары уақытша өзгерді
11:25, 21 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 9 автобустың бағдары уақытша өзгерді
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», — деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Ведомство көпшіліктен сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.