Астанада 9 автобустың бағыты уақытша өзгерді

Фото: Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – 13 мамырдан бастап Астанада № 8, 9, 13, 22, 22А, 40, 55А, 55Б және 72 автобустарының қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді.

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

Өзгерістер жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілді. Уақытша бағыттар негізгі аялдамалардан барынша аз ауытқу ескеріліп жасалған.

— № 8, 9, 13, 55А, 55Б, 22, 22А, 40, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген хабарламада.

CTS компаниясы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, ресми ресурстар мен мобильді қосымшалардағы жаңартуларды бақылап отыруды сұрайды.

Бұған дейін Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қай көшелердің жабылатыны туралы жазған едік