Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.
Өзгерістер жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілді. Уақытша бағыттар негізгі аялдамалардан барынша аз ауытқу ескеріліп жасалған.
— № 8, 9, 13, 55А, 55Б, 22, 22А, 40, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген хабарламада.
CTS компаниясы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, ресми ресурстар мен мобильді қосымшалардағы жаңартуларды бақылап отыруды сұрайды.
Бұған дейін Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қай көшелердің жабылатыны туралы жазған едік.