«Айта кетейік, елордада жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850 - 900 бала) ұлғаяды. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 27,18 құрады», - деп хабарлайды astana.kz Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Астана қаласы халқының саны 2013 жылдың 1 қыркүйек жағдайында 800 656 адамды құрады. Атап айтқанда, Алматы ауданында 366 219 (45,7%), Есіл ауданында 110 216 (13,8%), Сарыарқа ауданында 324 221 (40,5%) адам тұрады.