Астанада 9 балдық кептелістер тіркелді
20:13, 05 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 2GIS қосымшасындағы картада елорда жолдарындағы көлік кептелісі 9 балл деңгейінде жетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
2GIS деректеріне сүйенсек, қаланың барлық негізгі көшелері «қызыл» түспен боялған. Атап айтқанда, Сарайшық, Достық, Қабанбай батыр, Тұран, Сығанақ, Ақмешіт және басқа да бағыттарда қозғалыс мүлдем тұралап қалған.
Куәгерлердің айтуынша, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның Астанаға келуіне байланысты бірнеше шақырымдық кептелістер пайда болған.
Құрметті қонақты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды.
Сонымен бірге, Астанада Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде Кенесары көшесі жөндеу жұмыстары үшін жабылады.