Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Өрт орнынан 6 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылып, 28 адам (оның ішінде 17 бала) қауіпсіз жерге шығарылды, газдан уланған 20 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.
Өртті ауыздықтауға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.