Астанада 9 жастағы бала су толы шұңқырға түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 9 жастағы бала су толған шұңқырға түсіп кетті. Елордада болған осы оқиға туралы Астана әкімдігі жанындағы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы» ауданындағы Қобыланды батыр көшесінде велосипедпен суды кешіп өтіп бара жатқан 2009 жылы туған мектеп оқушысы беті ашық шұңғырға түсіп кеткен. Соның салдарынан жарақат алды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, қақпағы жоқ, беті ашық шұңқырлар туралы IKomek мекенжайы арқылы немесе 109 нөмірін теріп, Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарлауға болады. Сондай-ақ #astana109 хэштегі арқылы да мәлімет беруге болады.