Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Лондондағы оқуларынан кейін Астанаға оралған балалардан A/H1N1 тұмауын жұқтырды деген күдікпен 6 оқиға тіркелген. Тексеру барысында 3 адамның осы тұмауды жұқтырғаны расталып отыр.
Ж. Бекшин баспасөз мәслихатында қалған үш жағдай бойынша бүгін қайтадан зертханалық диагностика жүргізіліп жатқанын, олардың сынамаларының нәтижесі ертең белгілі болатынын жеткізді.