Астанада Ә. Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған кеш өтті

p; Қыркүйектің 30-ы.  ҚазАқпарат /Гүлнәр   Жандағұлова/ - Сейсенбі күні   кешке  Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында көрнекті ақын, жазушы Әбділда Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған "Сырдың сұңқар ақыны" шығармашылық кеші  өтті.

Әбділда Тәжібаев      - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңын ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды.Ол  поэзияда лирика мен поэма жанрын алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ақын поэзиясын басқа бірде-бір автордың туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы - тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шеберліктің поэзиясы.   Ә. Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді 

«Мен,    осындай кештің     әйтеуір бір Астанада  өтетініне сендім,  бірақ     қашан  өтетіні  белгісіз  болды.  Әрине,  әрбір адам   өз  әкесін жақсы көреді,  бірақ мен  үшін     менің  әкемді  халқының  жақсы көргені   маңызды  болды.    Ол    халқын жақсы көретінін   жиі айтатын.   Бүгін мен,    оны халқының  ұмытпағанын  көріп отырмыз -   оның кітаптары басылып,  өлеңдері   оқылуда.     Және осы  жайт  менің көңіліме  қуаныш  сыйлап отыр»,  - дейді    ақынның   ұлы   Рүстем Тәжібаев.

Мәдениет    және  ақпарат  министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед   өз сөзінде атап көрсеткендей,  «ол  тамаша  драматург  және   эссе  жазушы болатын».   Министр осындай   кештің   Алматыда  және ақынның  туған   жері - Қызылордада өтетінін     хабарлады.   Оған қоса,  мектептерде  және жоғары  оқу орындарында    Әбділдә Тәжібаев  туралы  танымдық  курстар өткізіледі.