Астанада А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін мәлімдейді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform
Осыған байланысты 21-22 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.