Мәселен, жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК 505 бабын «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру» бұзған яғни, іргелес аумақтарды қардан, мұздан, қоқыстардан уақытылы тазартпау, құрылыс учаскесінің тыс ауласына құрылыс қалдықтарын жинамау, қоршауларды орнатпау, жүк автокөлік дөңгелектерін жумау және т. б. бойынша 93 құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі 6 млн теңгеден асады.
Мысалы, 16 мамырда «Есіл» аудандық ІІБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылындағы «Хайвилл парк» тұрғын-үй құрылыс нысанының іргелес аумағындағы тұрмыстық қоқыстардың уақытылы тазартылмағаны үшін «Нighill Kazakhstan» ЖШС жауапкершілікке тартып, 300 АЕК көлемде айыппұл салды.