деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Күрделі жөндеу жұмыстарының жобасы екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең 24-27 шілде аралығында Республика даңғылынан бастап Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскелердің жабылуын қарастырады. Екінші кезеңде 28 шілдеден 3 тамызға дейін Бейбітшілік көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі жолдар жабылады.
Астана қаласының жол полициясы басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан барынша абай болуды, балама қозғалыс бағыттарын алдын ала таңдауды, жол белгілерін және жол полициясы қызметкерлерінің талаптары мен нұсқауларын қатаң сақтауды сұрайды.