Халық арасында «Абай оқулары» деп аталып кеткен шара Қазақстан халқы тілдерінің XIV фестивалі аясында ұйымдастырылды. Оған 70-ке жуық адам қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінен 15 жас ақын іріктеліп, халық алдында ұлы Абайдың өлеңдерін оқуға мүмкіндік алды. Әдеби-музыкалық кеш аясында еліміздің зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары Абай Құнанбайұлының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
«Абай оқулары» Қазақстан халқы тілдерінің XIV фестивалі аясында осымен он төртінші рет өтіп жатыр. Біз өскелең ұрпақтың Абайға деген құштарлығын артып келе жатқандығын байқап отырмыз. Себебі жылда іріктеуге қатысатын ақындардың дені - жастар», - дейді Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешев.